Шайгүл АБИЫРОВА: Бас жүлде

Жаңартылған білім беру жүйесінде арнайы (түзету ) ақыл-ойы орташа дамыған оқушылармен түзете-дамыту жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұны

Бас жүлде

Барлығы бірдей білім беру туралы заңдар Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы», «Баланың құқықтары» заңы және де басқа заңдар бұрынғы кезде оқуға жарамсыз болған зияты зақымданған балалардың  білім алуына қазір жол ашылып,мүмкіндіктері туып отыр.Осыған байланысы арнайы мектептер құрамында өзгерістер болып отыр.

Әрбір мектепте екі бөлім қалыптасқан.Бірінші бөлімде жеңіл зияты зақымданғандар.Екінші бөлімде ақыл-ойы орташа зақымданған.Бұл зияты зақымдалған балаларға арналған білімдік,тәрбиелік,коррекциялық жоспарларды ғана емес педагогикалық жүйенің мынандай компаненттерін өзгертуге тура келеді; заттық техникалық  заттар ,оқыту әдістері мен қабылдауларды педогоикалық құжаттар түрлерін даярлау.Зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектепте оқыту дайындық кезеңінен басталады.Олигофренопедогоика  теориясында дайындық кезеңінің міндеттері төмендегідей анықталған:

1).Оқушылардың дамуындағы өзекті деңгейі және олардың мүмкіндіктерін қарастыру.

2).Оқушыларды жаңа өмір тіршілік әрекеттері мен  қатынастарға бейімдеу,қарым-қатынас және  мінез құлықтағы қарапайым дағдыларды қалыптастыру.

3).Оқу бағдарламаларының материалдарын меңгеруге оқушыларды дайындау.Бұл дайындық оқушылардың бойында өмірдегі көзқарастармен түсініктердің заттық әрекет және танымдық белсенділік түрлерінің қалыптасуын болжайды.

Ақыл ойы орташа дамыған балаларды оқытуда жоғарыда айтылған мақсаттар көкейкесті болып табылады.Бірақ іске асу уақыты ұзағырақ.Оқушылардың дамуындағы бастапқы деңгейі және мүмкіндіктерін қарастыру үшін диагностикалық материалды  және балаларды қарастырғанда алынған  тәліметтерді тіркеу  үшін он төрт тексеру картасын мектептің  екінші бөлімінде оқыту үдерісін жобалау атты әдістемелік құралы қарастырдық. Соңғы жылдары дамуында күрделі бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбие жұмысын  жүргізуді тәжірибеге енгізді. Жобалау сабақтары әр баланы мүмкіндігіне қарай балалардың барлығы мен мұғалімнің қатысуын көздейді. Жобаны іске асыру барысында әр кезеңде ақырғы немесе аралық нәтижеге біріктірілетін қадамдық іс мен элементтер іске асады. Жобаны жүзеге асыру әр түрлі болады. Олардың мазмұны және мақсаттары болады.

Жеке дара оқыту қағидасы негізінде құрылып баланың психофизиологиялық мүмкіндігі және дамуының әлеуметтік бағытын ескеретін М.Монтосориен педагогикалық жүйесі біз анықтаған дайындық кезеңінде ақыл-ойы орташа дамыған балалрды пәнсіз оқытуды ұйымдастыруды   қа ағаттандырады. Баланы оқыту жөнінде тәрбиелеудің дәстүрлі жолдан ерекшелігін түсіну үшін М.Монтосори педагогикасының маңызды теориялық әдістемелік негіздерін атап өту керек.

1)Баланың дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу.

2)Баланың дамуындағы сензетивтік (сезімтал) кезеңдерін зерттеу.

3)Еркіндік қағидасы М.Монтосоридың пайымдауынша еркіндік жағдайында тиімді тәрбиенің салдарынан өзін тәртіпке келтіру болады.Баланың еркіндігі басқа тұлғаның еркіндігінен ажыраған жерде аяқталады.

М.Монтосори педагогикасының ішкі қағидалары ретінде арнайы дайындалған қоршаған орта мен бақылаушы ұстаз болып табылады.

Арнайы дайындалған орта түсінігіне баланы қоршаған ортамен оның әлеуметтік қарым –қатынасы және оның денесі ,зердесі және рухани дамуына мүмкіндік беретін арнайы М.Монтосори материалдары кіреді.

М.Монтесори педагогикасының маңызды ұстанымдарының бірі ретінде материялдағы қатені бақылау мүмкіндігі болып табылады.Жаттанды бақылау жиналған тәжірибе нәтижесі ретінде бақылау,үлгі мен салыстыру арқылы бақылау ,ұстаз тарапынан бақылау ,бірлескен жұмыстың барлық қатысушлардың бақылауы орын алады.Аталған мәселенің орталық түйіні болып ұстаздың қатені түзеуі емес баланың өз қатесін табу және түзеу болып табылады. Өзі жіберген қателерді тауып түзету адам баласының тәуелсіздігінің ең жоғарғы дәрежесінің көрсеткіші болып саналады.Қатені бақылау қағидасы үлкендердің тікелей қатысуынсыз балалардың бойында тиянақты өздігінен шоғырланған түрде әрекет ету қабілеттерін тәрбиелеудің алғы шарты болып табылады. Шоғырланған өз бетімен әрекеттену туралы айтатын болсақ М.Монтесори педагогикасының бір жаттығуды орындағанда үзіліссіз жұмысқа шоғырлану қабілетін тұжырымдаған зейіннің поляризасиясы түсінігіне көңіл аудару қажет.

М.Монтесори ұстаз тұлғасының жаңа формуласын құрастырады.Осы жүйеде ұстаз бір уақытта оның әріптесі,көмекшісі ,жетекшісі ұйымдастырушысы болады. Бірақ оның басты қызметі –бақылау.М.Монтесори педогогтың іс-әрекетінің бастапқы сатысы :өзін ұйымдастыру,өзін дайындау,қоршаған ортаны дайындап ,балаға бостандық беру керек болып табылады.

Ұстаздың міндеті-баланың жеке тұлға  ретінде ашылуын бақылап дамуын сатылап өту керек.М.Монтесори баланың өзін –өзі жүзеге асыруын ұстаздың жетекші рөлінен бас тартқанда ғана іске асатын оның белсенді іс әрекетінің жемісі деп санаған.М.Монтесори материалы –нақты құрамды қисынды құрастырылған материал .Ол материалдың сензетивті (сезімтал) деңгейіне толық сәйкес келеді.Даму материялының басты ерекшелігі ретінде М.Монтесоридың пікірінше эмоцияналды сөйлеу тілі және әлеуметтік үдерістердің негізін қалайтын оның моторика және сенсорикаға бағытталғандығы болып табылады.

М.Монтесори матерялы бес саланы біріктіреді.

1.Күнделікті өмірдегі жаттығулар

Қозғалысты тәрбиелеу,қоршаған ортаға қамқор болу,өзіне қарау,әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

2).Сенсорлы материал.

Көру,саусақтардың көмегімен сезу,есту,жылу арқылы,дәм мен иісті сезу арқылы қабылдау.

3)Сөйлеу тілі материалы.

Жазу мен оқуға дайындау.

4).Математикалық материал.

Натуралды сандар,ондықпен санау жүйесі,бөлшектер,түбір ,көлем мен алаңды өлшеу.

5).Ғарыштық тәрбие материалы.

Экологиялық тәрбие ,география ,өнер,этика жатады.

Ақыл-ойы орташа және ауыр түрде кешеуілдеген балалардың зердесіндегі күрделі бұзылыстары сөйлеу тілінің сондай түрдегі күрделі бұзылыстармен ерекшеленеді.Барлығында дыбыс шығаруының кемшілігі,сөздік қорының аздығы байқалады.Ал ақыл-ойы ауыр түрде кешеуілдеген балалардың 20-25%пайызы сөйлей алмайды.Демек тілсіз болып келеді.Сонымен қатар басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу дағдысы мүлдем жоқ екені байқалады.

Ғалымдардың тіл кемістігінің деңгейлерінің ескердік.

1.Сенсорлық даму деңгейі

2.Тілдік дамудың моторлық деңгейі

Ақыл-ойы орташа және ауыр түрде кешеуілдеген балалардың зердесі полиморвты топты құрайды.Оларды сөйлеу тілі жүйесінің жеке жақтары мен қызметтері ғана емес толығымен қалыптаспағандығы байқалады.

Республикасымыздың зердесінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептеріне сөйлеу тілі жоқ балалар жиілеп кетті.Олардың кейбірі жанұядағы ең жақын адамдарды ғана түсінетін өздері ойлап тапқан табиғи ымдары пайдаланады.

Сонымен қазіргі кезде зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектпетің түзете дамыту жұмысында М.Монтесори педагогикасын пайдалануда оқшылардың түзете дамуына қосқан үлесінің пайдасы бар.

шайгуль.jpg

Шайгүл АБИЫРОВА,  

Даму интелектуалдық қабілеті 

төмен балаларға арналған 

№7арнайы (түзету) мектеп-интернатының

мұғалім-дефектологы.

Алматы қаласы.


Ұқсас тақырыптар