Лас-Вегаста Головкиннің жекпе-жегі өтпейтіндігі ресми айтылды

2.jpg


Boxingtalk.com дерегіне сәйкес, Невада штатындағы Атлетикалық комиссия (NSAC) Лас-Вегастағы MGM Grand аренада 5 мамырға жоспарланған Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі Sports.kz сілтеме жасап.

Енді боксшы 5 мамыр күні рингке шығып жатса, жекпе-жек Лос-Анджелес қаласының сыртында орналасқан Карсоне қалашығында, StubHub Center шаршы алаңында өтпек. 

Айта кетсек, бұған дейін BoxRec.com сайты да GGG келесі жекпе-жегі  өтетін орын ретінде Карсонды белгілеген еді.

 Әзірге Головкиннің нақты қарсыласы да анықталған жоқ. Болуы мүмкін кандидаттар арасында ирландиялық Гэри О Саливан мен украиналық Сергей Деревянченко бар. АҚШ боксшысы Ванес Мартиросянның кандидатурасы бұл тізімнен алынып тасталды.



Ұқсас тақырыптар