Әлеуметтік төлемақы 1000 теңгеге өсті


Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді, олар 2019 жылғы 1 қаңтарда күштеріне енді, - деп хабарлайды премьер-министр сайты. 

 photo_241487.jpgЕң алдымен Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен бүгіннен бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері 1,5 есеге өседі, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Жаңа жылдан бастап ЕТЖ - 42 500 теңге болады. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. 

Үкімет сайты биыл қазақстандықтардың еңбекақысы едәуір өсетінін қуанышпен хабарлаған. Әсіресе, еңбекке қабілетілігінен немесе асыраушысынан айырылғандардың жалақысы 1000 теңгеге бірден өседі.

"Осылайша, еңбекке қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 15,9 мың теңгеден 16,6 мың теңгеге дейін, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 20,6 мың теңгеден 21,7 мың теңгеге дейін өсті" делінген. 1000 теңгеге не сатып алуға болады? Оны үкіметтегілерден сұрау керек.



Ұқсас тақырыптар