Өмір бойына шеттетілген теннисші

Қараша айының басында Қазақстан теннисшісі Тимур Хабибуллин келісілген ойын үшін спортпен қоштасты. Осы орайда Mezgil.kz сайты өмір бойына шеттетілген теннисшілердің тарихына үңіліп көрді.


Большой теннис: история, правила, инвентарь, польза - Сидим дома -  Культурно-спортивный центр «Полёт» - Администрация городского поселения  Среднинского муниципального образования - Органы местного самоуправления и  учреждения - Среднинское муниципальное ...

 

Үлкен теннистен 28 жастағы отандасымыз Тимур Хабибуллин 21 келісілген ойынға араласқаны үшін спорттан өмір бойы аластатылып, 60 мың доллар айыппұл арқалады. Айта кетейік, жерлесіміз кәсіби мансабында 80 мың доллар сыйақы жеңіп алған.

 

Тимур Хабибуллин 2019 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Дэвис кубогына қатысып, жұптық бәсекеде Александр Недовесов/Тимур Хабибуллин Португалия спортшылары Жоао Соуза/Гаштао Элиашқа 6:3, 3:6, 4:6 есебімен жол берген.

 

Бұған дейін Тимурдың әпкесі Альбина Хабибулина да 2021 жылы дәл осындай айыппен спортпен қоштасқан болатын. Өйткені ол 2019 жылы Франциядағы құны 15 мың долларды құрайтын жарыста күдіктілердің қатарынан табылған.

 

Қазақстанның теннис тарихындағы бұл алғашқы жайт емес. 2021 жылы 24 жастағы Роман Хасановқа үлкен тенниспен айналысуға 10 жыл тыйым салынып 100 мың доллар айыппұл арқалаған еді. Ал 2016 жылы төреші Кирилл Парфёнов Facebook әлеуметтік желідегі жазбасымен ұсталып, спортпен мәңгілікке қош айтысты.

 

ITIA сайтының дерегіне сүйенсек, 24 мемлекеттенн 43 теннисші, 4 төреші, 1 бапкер спорттан өмір бақи шеттетілген. Олардың арасында Украина (5), Ресей (4), Таиланд (4), Франция (4), Мароккодан (3) ең көп адам тіркелген.

 

Әзірге келісілген ойындар бойынша Марокко тумасы Юнес Рашиди (135 ойын) көш бастап тұр. Қара құрлықтың тумасы жеке рейтингте 753-орыннан ары көтеріліп көрмеген.

 

ITIA сайты бойынша ең көп келісілген ойындарға қатысқан теннисшілер:

 

Юнес Рашиди (Марокко) — 135

Джунн Мицухаси (Жапония) – 76

Себастьян Ривера (Чили) – 64 (бапкер)

Сергей Кротюк (Ресей) – 41

Алексис Мусиалек (Франция) - 39

Мохамед Хасан (Алжир) – 29

Настя Колар (Словения) - 25

Тимур Хабибулин (Қазақстан) - 21

Фабиан Карреро (Доминикан Республикасы) – 16 (төреші)

Морган Ламри (Франция) – 16


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар