Орталық Азиядағы мәдени саясат және басқару бойынша халықаралық форум өтті


_MG_0604.jpg

«CulturalDialogue» ҚҚ және Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның бюросы,ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының, Гете институтының және ASEF Азия-Еуропалық Қорының (Сингапур) қолдауымен Орталық Азиядағы мәдени саясат және басқару бойынша халықаралық форум өткізді.Бұл —Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мәдени практиктерінің екінші кәсіби шарасы.

Орталық Азия елдерінің мәдени менеджментте айтарлықтай тәжірибесі бар, алайда бұл елдердің көршілеріаймақтың мәдени жобалары туралы көп білмейді; мәдени сала өкілдерін біріктіретін бірыңғай транс аймақтық платформа жоқ. Орталық Азия арт-менеджерлерін біріктіру мәселелердің бір бөлігін шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда осы аймақтағымәдениет және өнер саласының қызметкерлеріжұмылғыштықты шектеп, мәдени мақсаттағы тауарлар мен қызметтерді кең айырбастау мүмкіндігін қамтамасыз етпейтін нақты мәселелерге тап болады. Форумның негізгі мақсаты аймақтық деңгейдеүйлестіру механизмдерін, сондай-ақ Орталық Азия арт-менеджерлерінің арасында білім мен ақпарат алмасу механизмдерін жасау болып табылады.

_MG_0929.jpg

Форум жұмысына Мәдениет Министрлігінің өкілдері, ҮЕҰ жәнеҚазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан арт менеджерлері, сонымен қатар ЮНЕСКО, Гёте Институты (Германия), Азия-Еуропалық Қор (Сингапур) және Моңғолиядан келген халықаралық сарапшылар атсалысты. Форумда серіктестікті жолға қою мақсатында бүкіл аймақтан театр, мұражай, галерея, фестиваль өкілдері болып табылатын 80 мәдени жоба жетекшілері жиналды. Сессия және пікірталастағы жұмыстар шығармашылықты қолдау және дамыту, мәдени мақсаттағы тауарлар мен қызметтердің теңдестірілген ағынын қамтамасыз ету, шығармашылық қызметкерлердің сапарларын арттыру, Орталық Азияда аймақтық серіктестікті белсендендіру және сектораралық және еларалық мәдени жобалар жасау сұрақтарына арналған.

Форумда сондай-ақмәдени мақсаттағы өнімдерді өндіру және тарату, халықаралық нарыққа кіру және қаржыландырудың қолжетімділігін жеңілдету, мәдениет экожүйесінде жергілікті және аймақтық нарықта қолайлы жағдайлар жасау, шығармашылық қызметкерлердің сапарларынқолдау жәнеаймақтағы мәдениетаралық серіктестікті көтермелеу жолымен мәдени және креативті индустрияны нығайтуды қарастыратын өз болмысын білдірудің мәдени формаларын қорғау және көтермелеу Конвенциясы қарастырылды.

_MG_0935.jpg

Форум ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен өткізілетінін атап өтеміз.Қордың мәдениет жөніндегі Кеңесі жоба авторыныңсайыс аясында шығармашылық жобаларға грант беру бастамасын қолдады.Грант сайыс негізінде беріледі, өтінімдерді өнер саласындағы сарапшылардан тұратын арнайы комиссия бағалайды, грант беру туралы шешімдіҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының басшылығы қабылдайды. Грант берудің негізгіөлшемшарттары – шығармашылық бастамалардың жаңалығы, түпнұсқалығы, Қазақстанда өнердің сәйкес түрінің дамуына ықпалы.



Ұқсас тақырыптар