Көне ғимаратты бұзып жатқан жұмысшылар алтын қазына тауып алды

5.jpg


Беларусьтың Гродно қаласында алтын монеталар мен әшекей бұйымдардың көмбесі табылды. Бұл жайлы ҚазАқпарат агенттігі БЕЛТА басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Көмбені көне ғимарат мауэрлатын бұзып жатқан жұмысшылар тапқан. Олар қорапшаның ішіндегі әшекей бұйымдар мен отыздан астам алтын монета туралы милицияға хабар береді. Оқиға орнына музей мамандары де жылдам жетеді.


7.jpg


Монеталар XVIII-XIX ғасырларда соғылған. Ал он шақты әшекей бұйымдар мен құжаттар ХХ ғасырдың бас кезіне тән. Оның құны әзірге белгілі емес, мамандар оны зерттеп жатыр.

Егер көмбе құнды болып шықса, оның 25 пайызы медицина орталығын дамытуға жұмсау жоспарланып отыр.



Ұқсас тақырыптар