Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының аға оқытушы, доктор PhD, жазушы Абдырақын Нұрхалықтың
1 қараша 2017ж. төртбірдей кітабінің тұсау кесері өтті
Бұл іс-шараны белгілі шығыстанушы ғалым ф.ғ.к., доцент Қыдыр Төре (ҚазҰУ Түріксой кафедрасының меңгерушісі) жүргізді. іс-шара қонақтары болып Жанарбек Ашимжан. Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары “Қаламгер- Медия” орталығының директоры.
Қайрат Дүйсен. Әлем халықтары жазушылар одағының төрағасы.
Қуандық Түменбай. “Үркер” журналының бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы.
“Қазіргі заман қытай зерттеу” орталығының директоры, танымал қытайтанушы ғалым, т.ғ.д., профоссор Нәбижан Мұқаметханұлы.
Нұрдәулет Ақыш (ф.ғ.д) М.Әуезов атындағы әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері, әдебиеттанушы ғалым, сыншы. ҚР жазушылар одағының мүшесі, жазушы.
Кәдірбек Құныпия. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, мемелекеттік сыйлықтың иегері, ақын. Қазақстан Жазушылар одағы “Ан-Арыс” баспасының бас редакторы.
Жарас Сәрсек. “Үркер” журналының бас редакторының орынбасары, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын.
Құл-Керім Елемес. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ”Балдырған” журналының бөлім редакторы, ақын.
Дүние жүзі әлем қазақтары орталығының жастар ісі жөніндегі меңгерушісі.
Талаппек Тынысбек.
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, Республикалық “Мөлдір бұлақ” журналының бас редакторның орынбасары. Саят Қаламгер. www.kitap.kz-тен Шарайна Тұрсын болды. Сонымен бірге ҚазҰУ Шығыстану факультетінің оқытушы-профоссор құрамы, магистаранттар болды.
Тұсаукесер ҚазҰУ Шығыстану факультетінің деканы, PhD., доцент. Палтөре Ықтияр мырзаның құттықтау сөзімен ашылды.
ҚазҰУ Қытайтану кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Дәуен Динара,
Нұрдәулет Ақыш құттықтау сөз сөйледі.
Жалпы бұл тұсау кесерге қойылған кітаптардың ерекшелігі сол жай әңгімлер жинағына емес , аударма ісі және қытай тілінің грамматикасы туралы оқу құралы болып ,бұл оқу құралы материалына болған қажеттілікті де толықтыра атап айтсақ:
1.“Аңсау” әңгімелер жинағы. 2. “Қытай мифтерінің аудармасы”. 3. Базалық шығыс тілі: қазіргі қытай тілінің грамматикасы (Білім және ғылым минстрлігі бекіткен оқулық). 4. Қытай-қазақ тіліндегі бастауыш-баяндауыштық сөйлемді салыстыра зерттеу атты монография кітабі.
Қонақтар Нұрхалық Абдырақынның кітаптарына жоғары баға беріп өз ұсыныстарын білдіріп, қарымды қалам иесі болуға ақ тілектерін жаудырды.
“Аңсау”әңгімелер жинағын өте жіңішкелікпен оқыған ҚазҰУ Шығыстану факультеті, әдебиеттанушы ғалым ф.ғ.к, доцент Ұлбала Алжанбай ханым кештің негізгі баяндамасын жасап, “Аңсау” әңгімесінен ситат келтіре; адам арманына қолы жетіп, сұлу қызға үйленіп, зәулім үй салып, қымбат көлік мінседе, француз иіс суын себініп, италия кастюмын киседе, әлемдегі ең әсем жерде демалса да, одан қатты шаршап оралады, адам сонда да бірдеңе іздеуін, аңсауын тоқтатпайды, аңсауы одан сайын кете береді, кете береді, әйтсе ол не нәрсе? Жазушы қаламынан жауабын табасыз... Осы заманның нағыз риалист жазушысы деп бағалап, өз өмірімізді көркем шығарма бейнесіне оқып толқыдық деп жүрек сөзін жеткізді. Қуандық Түменбай Үркер журналында жарияланған Нұрхалықтың “Әмірбек” “Қала” “Ит тірлік” “Күн мен түн” “Қарақұрық” әңгімелеріне, айтар ойы бар, тілі шұрайлы деп жақсы бағасын беріп, оқырманның көңілі толғанын жеткізді. Жарас Сәрсен “Аңсау”дағы “Зілімауыр”, “Жеңістің жеңілісі” әңгімелерінің өзіне қатты ұнағанын айтып, бүгінгі шынайы өмірде жеткізе жазғанына риза болып, жазушыға болашақ қадамына сәттілік тіледі. www.kitap.kz-тен келген Шарайна Тұрсын ханым қаламгер кітаптарын бүкіл әлемге таратып жатқанын айтып, тек елдің рухани келешегіне жұмыс жасап жатқан, әлем жұрты жақсы бағалап жатқанын жеткізе, қаламгердің ақша туралы ойламайтын нағыз отаншыл ғалым, жазушы, аудармашы деп бағалады.
Қайрат Дүйсен өз сөзінде, Нұрхалықтың алғашқы қаламынан туған “Иірім романына редактор болғанында ,жазушы шығармасы бүгіні кино-сериал мен хикаяға ұқсамайтынын байқағанын , онда терең философиялық ойларды жұртшылыққа жеткізді, бүгінде аудармаларын, әңгімелерін әлем жұртшылығына жеткізіп жатқандығын, жалғасты жеткізе беріуін, сондайақ жаңаша бағытта жазатаны інісіне ақ жол тіледі.
Нәбижан Мұқаметханұлы Нұрхалықтың жанкешті еңбегіне бүгінге дейінгі шығарған он бес кітабына аса құрметпен қарайтынын, өз ақшасымен кітап шығарып руханиятқа үлес қосып отырғанын айтып, жеке басының жігітігіне сүйінетінін жеткізді, оның ғылым жолындағы бағындырар биігі көп болсын деп батасын берді.
Саят қаламгер Нұрқалықтың “Ғалым таксит” “Иттірлік”-ін және “Мимырыт”, “Адамдар шайтанға алданды” әңгімелерін тыңдап қатты риза болғанын жеткізді.
Оқулықтары туралы, Нұртәліп Шәріпқазы (ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының аға оқытушысы) Шығстану ғылымына қосып жатқан үлесі туралы өте жақсы пікірлер білдірді.
Жалпы бұл тұсау кесерге қойылған кітаптардың ерекшелігі жай әңгімлер жинағына ғана емес , аударма ісі және қытай тілінің грамматикасы туралы оқу құралы болып ,бұл оқу құралы материалына болған қажеттіліктіде толықтырып отыр . Сондай ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мамандар құрамының сапасының жоғары жатқандығын көрсетеді .