Ресейде әскери полигонда өрт шықты

1.jpg


Удмуртиядағы Малопургинский ауданында бұрынғы әскери полигондағы жарылыс пен өртке байланысты төтенше жағдай режімі енгізілді, деп хабарлайды ТАСС республика үкіметінің төрағасы Ярослав Семеновқа сілтеме жасап.

«Малопургинский ауданы территориясында төтенше жағдай режімі енгізілді»,- деді ол.

Өрт  аумағы 300 гектар жерді шарпыған.

Семеновтың айтуынша, тілсіз жауды ауыздықтауға Бе-200 ұшағы тартылған. Бұдан бұрын өрт сөндірушілер Удмиуртиядағы бұрынғы полигондағы өртті Бе-200 ұшағының және үш тікұшақтың көмегімен сөндіреді, деп хабарланған болатын.

Полигондағы  қаруларды жою жұмыстары 2011 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Сәрсенбі күні Удмуртияда Малопургинский ауданындағы Пугачев елді мекенінде бұрынғы әскери арсеналы аумағында өрт болды.

Алдын ала деректерге қарағанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 2 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды.

Дереккөз: ҚазАқпарат



Ұқсас тақырыптар