Алматы - Талдықорған тас жолы ақылы болады

5.jpeg


Алматы - Талдықорған тас жолы ақылы болмақ. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалы өткізген қоғамдық талқылауда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, келер жылға дейін Талдықорған маңында арнайы терминал тұрғызылмақ. Аталған мәселеге қатысты облыс әкімдігі пікір білдірді.

«Бұл жол республикалық маңызға ие трасса болып табылғанымен осы жол арқылы Талдықорғанға жақын елдімекендерде өмір сүретін азаматтар күнделікті қатынайды. Жолдың ақылы болуы сол азаматтарға салмақ салмауы тиіс. Облыс әкімдігі өзге өңірлердегі үздік тәжірибеге негізделген ұтымды әрі тиімді әдісті пайдалануға ниетті. Бұл терминалдың құрылысы 2019 жылы аяқталады деп күтілуде», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.



Ұқсас тақырыптар