Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты

2.jpg

Адам ағзасында "екінші ми" бар, ол ішекте орналасқан, австралиялық ғалымдар оның қандай қызмет атқаратынын анықтады, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Science Alert басылымына сілтеме жасап.

Энтеральді (ішек - Авт.) жүйке жүйесі бірнеше миллион нейроннан тұрады, ол ішек-қарын жолының жұмысын реттейді. Бұл жүйе қашықтан жұмыс істейді, яғни бастағы ми мен жұлыннан бөлек.

 "Шын мәнінде бұл жеке өзі бір ми", - деп мәлімдеді Флиндерс университетінің профессоры Ник Спенсер, оның айтуынша, бұл жүйені "бірінші ми" деп атауға болады, себебі ол даму кезінде орталық жүйке жүйесінен бұрын пайда болған.

Мамандар тышқандардың тоқ ішегіндегі нейрондардың электр импульсіне сараптама жасады және энтеральді жүйке жүйесінің ішектегі бұлшықеттің жиырылуына себепші болатын қоздырғыш және кедергі жасаушы нейрондарға синхронды түрде әрекет ететінін анықтады.

 Ғалымдардың мәлімдеуінше, бұған дейін ғылым энтеральді жүйке жүйесінің миллиондаған жасушасын электр импульстарының бір мезетте түрлендіріп отыратынынан бейхабар болып келді.

Дереккөз: tengrinews.kz



Ұқсас тақырыптар