Парламент БҰҰ миссияларына Қазақстанның әскери қызметшілерін жіберу мәселесін қарауда

3.jpg

Астанада өтіп жатқан ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы миссияларына Қазақстанның әскери қызметшілерін жіберу ұсынысы қаралуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы отырысты ашқан Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ең алдымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін  жіберу туралы ұсыныстары қаралатындығын мәлім етті.

«Құрметті әріптестер! ҚР Конституциясының 53-бабы 5-тармақшасына сәйкес Президент ұсынысы бойынша Парламент халықаралық міндеттемелерін орындау үшін республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды», - деп атап өтті.

Елбасы ұсынысын ҚР Қорғаныс министрі  Сәкен Жасұзақов жариялап жатыр.



Ұқсас тақырыптар