Тірідей көмілген суретші үш тәуліктен соң жер бетіне шықты

3.jpg

Тірідей көмілген аустралиялық суретші үш тәуліктен соң жер бетіне шықты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тасмания аралындағы Хобарт қаласының автокөлік жолында қатырылған асфальт ашылып, жер астындағы кеме контейнерін алынды. Онда үш күн бұрын 73 жастағы суретші-акционист Майк Парр  өз еркімен жерленген еді.  

Ол өз жұмысында адам денесінің мүмкіндіктерінің шексіздіктері жайлы зеріттейтін көрінеді.  Жердің астына Парр бейсенбі күні түсірілген. Оның контейнерінде көп мөлшерде су мен ауа, жылытқыш , кітаптар мен жазуға арналған заттар, сондай-ақ дабыл түймесі болды. Ал, тамақсыз суретшіге 72 сағат бойы өмір сүруге тура келген. 

 Жиналғандардың қошеметімен Майк Парр жер астынан шығарылды. Өз еркімен көму шарасы қараңғы өнер фестивалі аясында өтті және автордың ойы бойынша, бұл колонистардың австралиялық байырғы тұрғындарға көрсеткен қатыгездігін көрсету мақсатында болған.



Ұқсас тақырыптар