Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында Шанвэй қалалық соты сенбіде есірткі қылмысын жасады деген он айыпталушыны өлім жазасына кесіп, үкім сол күні орындалды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сотталушылардың есірткі өндірді, саудалады және тасымалдады деп айыпталғаны хабарланып отыр.
"Үкім жарияланғаннан кейін сотталушылар жазаны орындау орнына жеткізілді", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қытайда өлім жазасы Қылмыстық кодекстің он шақты бабында қарастырылған. Оның көпшілігі есірткі қылмысына байланысты баптарда.
Дереккөз: tengrinews.kz