Алматы облыстық ішкі істер департаментінде қару-жарақ музейі ашылды

музей 2.JPG

Жуырда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қазақстан полициясы күніне орай ІІД қызметкерлерін құттықтап, департамент ғимаратында ашылған қару-жарақ музейі мен телесудияның ашылуына қатысты, - деп хабарлайды mezgil.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шара алдымен полиция ардагерлері мен қызметтік міндетін өтеу кезінде қаза болған қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мұнан соң бір минуттық үнсіздік орнап, қарудан аспанға оқ атылды. 

ІІД бастығы, генерал-майор Мұрат Ұрұмхановпен және ардагерлермен бірге ІІД телестудиясы мен қару-жарақ музейінің ашылуына куә болды.

Облыстық «Жетісу» телеарнасымен бірлесіп жүзеге асырылған жаңа телестудияда журналистер сұрағына жауап берген облыс әкімі өңірдегі ІІД-да «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жұмыс сапасын арттыруға бағытталған алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Амандық Баталов алдағы уақытта қажет болса, телестудияны жабдықтауға да қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді. 

Облыстық ІІД-да Жетісу полициясықалыптасуының түрлі тарихи кезеңдерін қамтитын, мыңнан астам экспонаты бар музей бұрыннан жұмыс істейді. Енді аталмыш департаментте қару-жарақтарға арналған музей ашылып отыр. Мұнда әзірге 40-қа жуық жәдігер жинақталған. Атап айтқанда, мұнда атыс қаруы мен суық қарудың 12 санаты қойылған, ХІХ ғасырға тиесілі қару ең бағалы экспонат қатарында. Полиция қызметкерлерін музейдің ашылуымен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов қызметкерлердің моральдық-психологиялық жағдайын жақсартуға барлық жағдайлар жасалған релаксация кабинетінің жұмысымен танысты. Бұл кабинеттің жұмысы жұмыс сапасының артуына ықпал етіп отыр. Кабинет жабдықталуының ерекшелігі туралы ІІД инспектор-психологы баяндап берді. 

Мұнан соң өңір басшысы пульті облыс орталығындағы бейнекамераларға қосылған Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Атап өтсек, Алматы облысы бойынша қазіргі кезде барлығы 766 бейнекамера орнатылған. Оның ішінде «Қауіпсіз аула» жобасы аясында Талдықорған қаласында 669 камера қойылған. Алдағы уақытта Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Жаркент қалаларына жалпы құны 3,7 млрд. теңге болатын 754 камера орнату жоспарланған. Орталық қызметкерінің айтуынша, облыстың басқа да қалалары мен аудандарының бейнекамераларын ЖБО пультіне қосу жоспарланып отыр. Амандық Баталов ЖБО жұмысы түрлі заң бұзушылықтарды жедел ашуға көмектесетін жүйе болғандықтан қажетті қолдау шаралары көрсетілетінін айтты. 

Мерекелік шараның маңызды бөлігінің бірі жас полициейлердің кадет класының оқушыларымен жүздесуі болды. Жас білімгерлер облыс әкіміне алдағы армандары, осы маңызды кәсіп оларға несімен ұнайтындығы туралы айтып берді. 

Өз кезегінде Амандық Баталов жас кадетшілерге оқуда табыс тілеп, алдағы мақсаттарына жетуіне тілектестігін білдірді. 

- Сендер дұрыс таңдау жасадыңдар. Кадет класында оқу мінездеріңді қалыптастыруға, ерік-жігерлеріңді шыңдауға, спорттық формаларыңды сақтауғакөмектеседі. Бұл болашақ мамандықты таңдауға жасалған үлкен қадам. Ең бастысы өздеріңді, жақындарыңды күтіңдер, Отанды сүйіп, мақтан тұтыңдар. Сендердің жақсы азамат болып өсетіндеріңе сенемін, - деді А. Баталов кадетшілерге қарата. Балалармен бірге естелікке суретке түсіп, оларға сыйлықтар тапсырды. 

Атап өтсек, кадет класы Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі № 7 жалпы білім беретін мектептің базасында құрылған. Оқушылар үшін арнайы мектеп формасы белгіленіп, оқу бағдарламасына құқықтану бойынша қосымша сабақтар енгізілген.



Ұқсас тақырыптар