24 әйелі мен 149 баласы бар канадалық еркек сотталды. Бұл жайында ktk.kz хабарлады.
Канаданың Британиялық Колумбия провинциясының Жоғарғы соты 61 жастағы көп әйел алған Уинстон Блэкморға қатысты сот ісін аяқтады. 2017 жылдың шілде айында оны 24 әйел алғаны үшін, ал оның күйеу баласын 53 жастағы Джеймс Олерді - 5 әйелмен некеге отырғаны үшін айыпты деп таныған еді.
Сот Блэкморды алты айға үй қамаққа алу туралы шешім шығарды. Алайда ол жұмысына және ауырған жағдайда ауруханаға бара алады.
Олерге де үш айлық сондай жаза бұйырған. Үлкен канадалыққа 150 сағат қоғамдық жұмыстармен айналысу керек болса, кішісіне 75 сағат берілген. Сонымен қатар олар ай сайын полицияға барып белгіленіп отыруы тиіс.
Сот Шери Энн Донегэннің айтуынша олардың екеуінің де осы уақытқа дейін заңды бұзбағаны, әрі еңбекқор болғаны да оларға жеңіл жаза алуға көмек болмаған. Себебі, кейбір әйелдерімен некеге отырғанда олардың жасы 15-ке де толмаған екен.
«Ол ешқандай жаза оның діни көзқарасын өзгертпейтінін түсіндірді.Ол еш өкінбейді»,- дейді сот. Мәліметтер бойынша оның 149 баласы бар көрінеді.
Канададағы көп әйел алғандарға қолданылатын ең қатты жаза 5 жыл бос бостандығынан айыру болып табылады.