"Сыра королі" атанған шымкенттік танымал бизнесмен Тоқтар Төлешовтің бұрынғы зауытынан өрт шықты. Оқыс оқиға кезінде май жағылған шпалдар мен май құйылған бес ыдыс жанып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.
Зауыт аумағындағы қызыл жалынды құтқарушылар бір сағат ішінде əрең сөндірген.
Жалын шарпыған аумақ 225 шаршы метр жерді құраған.
Абырой болғанда, оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 15-05-те ауыздықталып, 15-48-де сөндірілген.