Мэнни Пакъяо аргентиналықты нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы титулын жеңіп алды

5.jpg

Малайзияда  сегіз салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы филиппиндік Мэнни Пакъяо жартылай орта салмақта WBA (regular) чемпиондық титулын жеңіп алды. Боксшы жекпе-жектің жетінші раундында аргентиналық Лукас Матиссені нокаутқа түсірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Пакъяо қарсыласына қарағанда жылдамырақ қозғалып, бірден басымдық танытты. Үшінші және бесінші раундтарда М. Пакъяо аргентиналық боксшыны нокдаунға жіберсе, жетінші раундта оның сол жақтан жасаған ауыр соққысынан соң Матиссенің жекпе-жекті жалғастыруға шамасы келмей қалды. Бұл филиппиндік спортшының 2009 жылдан бергі мерзімінен бұрын жеткен алғашқы жеңісі.



Ұқсас тақырыптар