Қазақстанда кейбір мешіттер сүріледі

7.jpg

Қазақстанда сәуірде діни ғимараттардың құрылысын регламенттейтін жаңа нормалар қабылданды, деп хабарлады tvk-uko.kz.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысында 800-ден асып кеткен ғибадатханалардың жай-күйі дін қызметкерлері, дін істері және құрылыс басқармаларының мамандары қатысқан кеңесте талқыланды. Олардың қаншасы заңды, қаншасы заңсыз салынғанын шенеуніктер әзірге анықтай алған жоқ.

Облыста соңғы үш жылда сегіз мешіт салуға рұқсат берілген, қалғаны заңсыз салынған, дейді сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері.  

Қазақстанда биылғы жылдың сәуірінде діни ғимараттардың құрылысын регламенттейтін жаңа нормалар қабылданды. Енді мектептен 300 метр аумақта орналасқан барлық мешіт сүріледі.

"Егер адам заңсыз ғибадатхана салса, ол оны өзі сүруі тиіс. Кейін ол жерге, құрылыс салуға қажетті рұқсаттарды алып, тиісті органға хабарлауға міндетті. Содан кейін құрылысты бастауға рұқсат етіледі", — дейді Түркістан облысы сәулет және құрылыс басқармасының басшысы Бақытбай Дүйсебеков.

  

Дереккөз: sputniknews



Ұқсас тақырыптар