Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегорға қарсы 6 қазанда жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Абсолют жекпе-жек чемпионатының (UFC) Twitter желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
UFC 229 кешінде Нурмагомедов - МакГрегор арасында өтетін кездесу басты шара болмақшы. Кездесу 6 қазанда Лас-Вегастың "Вегас Голден Найтс" НХЛ клубының стадионында өтеді.
Нурмагомедов кәсіпқой мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген, ол 26 жекпе-жек өткізіп барлығында да жеңіске жеткен. Ол жеңіл салмақта UFC чемпионы. Ал МакГрегор жартылай орта салмақта және жеңіл салмақта UFC чепмпионы. Ол 21 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.