Мінез сандары

2.jpg

Екі саны – адам мінезінің саны деп есептеледі. Бұл сан арқылы сіз өмірде жұмсақсыз ба әлде тоңмінезсіз бе, тез тұтанғыш ашуланшақсыз ба, мақсатыңызға жетуге ұмтылғышсыз ба немесе жалқаусыз ба бәрін аңғаруға болады екен. Жалпы мінез санын белгілеу адам тағдырының санын анықтаудан жеңілірек. Бұл үшін туған күніңіздің қай күні екенін білсе болғаны.

Айдың 16-шы жұлдызында туғандардың саны – 7, 23-ші жұлдызы туғандардыкы – 5. Ал 22-сі туғандардыкі 11 немесе 22 болып қалады. Егер сіз 10-ы, 20-сы, 30-ы күні туған болсаңыздар нөлдерді алып тастасаңыз жеткілікті. Демек 1, 2, 3 болып қала береді.   

Мінез сандарының құпиясы

1 санына жататын адамдар – бірбеткей және мықты тұлғалар. Олар мақсаттарына жетуге ұмтылады. Болашаққа деген көзқарастары да оң. Өздеріне сенеді, тазалықты жақсы көреді. Сосын шұғыл мінездерін де байқауға болады. Оларға ақыл айтқан адамды және жолдарын кескестегендерді ұнатпайды. Олар өздерінің айтқандарынан қайтпайтын адамдар. Сондай-ақ бұл адамдардығ есте сақтау қабілеттері жақсы дамыған. Бірнеше жұмысты қатар бір уақытта атқара алатын қабілетке ие. Ұйымдастырушылық және басқару жұмыстарын оларға сеніп тапсыруға болады.

2 санына жататын адамдар өзгелерді ренжітіп алмауға тырысады. Жұмсақ. Жан-жағындағы жандардың көңіл күйлерін түсіріп алмауды ойлайды. Айналасына бейбіт адамның лебі мен жақсы аура сеуіп жүреді әдетте. Олар достарының ығына жығыла салғыш. Артық кикілжің мен дау-дамайды онша ұнатпайды. Бұл адамдарға билік беру міндетті емес. Оларға әсіресе біреудің қол асында жұмыс істеген ыңғайлы.   Тез шешім қабылдай алмайды. Дегенмен қызметтеріне адал, жауапты болып келеді. Екі санындағы адамдар ұялшақ та болуы мүмкін. Жауапкершіліктен тайқып кететін кездері де бар. Сондай-ақ өз жеке пікірлері болмайды. Әзіл-қалжың, күлкіге де онша жоқ.

3 санындағы адамдарға келетін болсақ – Олар көңілді. Жалпы айналаласына юмормен қарайды. Өмірде жолдары болғыш, көпшілігі жан-жақты әрі дарынды болады. Сонымен қатар ақшаны аямайды. Қолдары ашық, жомарт келеді. Бұл кісілер – шығармашылыққа бейім, табиғатынан дарынды және талантты болады. Көбі өнер саласына жақын, суретшілік немесе әдеби дарындылығы тағы бар. Өздерінің ішкі жан дүниесіндегі толқыныстарлды сөзбен емес әртүрлі үндермен, бояумен жеткізеді. Тілдері де жатық, әңгімеге тез араласқыш. Әрі бұлар достарының ортасында көшбасшы бола біледі. Ең басты кемшіліктері тым өркөкірек, өзімшіл, тәуелсіз. Кейде шектен тыс қатал да болып кетеді.  Сосын көп шаруаға тым жауапкершілікпен қарай бермейді. Бұл қасиет олардың өміріне кейде кері әсерін де тигізіп жатады.

4 санындағы адамдар – тарихта бұл санды негізінен жылқыларға теңеп жатады. Неге десеңіздер 4 саны еркіндік, төзімділік, мақсатқа жету жолындағы ыждахаттылық. Бұндай адамдар жеңіске үлкен еңбекпен жетеді. Қанша ауыр еңбек кездессе де мойымай алға қарай ұмтылатын қасиеттері бар.

Өздері шығармашылыққа тым жақын болмаса да, шығармашыл адамдарды басқара алады. Оларды ұйымдастырып, бастарын бір жерге тоғыстырып, үйлестіруші ретінде тамаша жұмыс атқара алады. Міндет пен абыройды алдыңғы қатарға қояды. Әділдікті жақсы көреді. Сонымен қатар жақсы тамақтанып, демалып отырғанды жандары қалайды. Жалпы сол үшін де өзін аямай жұмыс істеуге бар. Кейде тым күйгелек те болып кетуілері мүмкін. Өмірде жолдары әрқашан бола да бермеуі мүмкін. Бірақ бұл адамдар талмай еңбектенуден тайынбайды.

 5 санындағы адамдарға келетін болсақ – олар шұғыл қимылдайды. Уайымшыл,  тынышсыз, ақылды және шыдамсыздау болып келеді. Олар саяхаттағанды жақсы көреді. Көпті көріп, көпті естіп, көппен араласқан бұл сандағы адамдар үшін үлкен демеу. Қарапайым, күнделікті күйбең тірлік оларды қажытып, шаршатып жіберуі әдбен ықтимал. Дереу тұтана салатын шалт мінездері тағы бар. Бес санына қарайтын еркек те, әйел де сенімді емес. Сондықтан олардың отбасында ұрыс-керіс, түсініспеушілік жиі болып тұрады. Олар қолға алған істерін аяқтамай жарты жолда тастап кете салулары мүмкін. Білімді де жүрдім-бардым ала салады. Еңбектенгенді ұнатпайды. Әр нәрсені оқусыз-ақ үйрене салғысы келеді. Бірақ оның мүмкін емес екеніне мән бермейді.

 6 санындағы адамдар тұрақтылығымен көзге түседі. Жандары жарқын, сенімді, жан-жағына жылылық сыйлай алады, үйлерін және жақындарын жақсы көреді. Сонымен қатар бұл адамдардың достары да көп болады әлбетте. Барлық қырынан алсаңыз да – жақынын сатпайды, әділ, ұяң, романтик, жұмсақ мінезді болып кете береді. Тыныштықты жақсы көргендіктен әрбір кикілжіңнің артын бейбіт шешіп жіберуге тырысады. Жылылығымен бөліседі, егер ақша керек болса ақшасымен де бөлісе алады. Яғни қолы ашық, жомарт адамдардың қатарына жатады. Еңбектенгеді жақсы көреті.

7 саны – өз-өзінің ойларымен арпалысқыш жеті санына жататын адамдар көбінесе жалғыз қалғанда ұнатады. Көп адаммен тілдесуі де қиын. Олармен тілтабысу да оңай емес. Дегенмен сараптама жасауға келгенде сауатты. Көп адамға тән емес қасиеттер осылардың бойынан табылады. Барлығы шеше бермейтін күрделі жұмбақтарды тез шеше алады.  Көбінесе 7 санында туғандар философтар, мистик немесе ғалым болуы мүмкін. Көп сөйлемейді, тілдері де жатық емес. Ойларын сөзбен жеткізгеннен гөрі жазумен жеткізулері оңай.

 8 санындағы адамдар – қуатты келеді. Қабілетті, күштерін бір мақсатқа жұмылдыра алады. Жеке басының жетістіктеріне жету үшін барларын салады. Әр ісін сараптап, есептей алатын ақылды олар.  Ойлары әсіресі материалдық құндылықтарға арналған. Өмірде бір мақсатқа жетуде жанталасып уақыт таппай жүреді. Кәсіпкер болып кететіндері жиі кездеседі. Басты қасиеттері күресе алады. Қиын жағдайлардан шығып кетудің жолдарын таба алады. Қоғамда өз орындарын табуға ұмтылғыш. Шұғыл қимылдарға, жылдам шешімдерге ойланбастан бара салулары мүмкін. Егер жаман қасиеттеріне тоқталар болсақ. Ешкімді аямайды, ашушаң, қатал, өздерінен басқа ешкімді ұнатпайды. Ақшалары жоқ айналасындағы адамдарды сол қалталы еместіктері үшін ғана жек көруілері ықтимал.

9  санындағы адамдар  арманшыл, ойлары мен қиялдарында өмір сүреді. Өте роматик децге келеді. Олар жақын адамдарына қамқор, сыйлы. Өздерінің жеке басын ойлаудан гөрі барлық адамзатқа жақсылық істеуге бейім болып тұрады. Өте жомарт адамдардың қатарына жатады. Бұл адамдарды тіршілігінде көп ешкім ескермесе де, жоқ болса орындары ойсырап қалады. Бұлардан жақсы ғалымдар, ұстаздар мен әртістер шығады. Төзімді, көңілдері жабырқаған адамдарды жұбатуды жақсы көріп тұрады. Өте адал, шыншыл. Өздері жоқшылықтан, кәріліктен, қайыршылықтан қорқады.

11  санына жататын адамдар – біртүрлі, ешкімге ұқсамайтын кісілер санатына жатады. Олар бұл өмірге көбіне бір жаңалық ашу үшін келетін сияқты. Сезімталдық қасиеттері жоғары дамыған. Оларды әсіресе жоғары, тылсым күштерімен байланыстары бар деп айтып жататындар бар. Сана-сезімдері мен милары тылсым күштермен ақпараттандырылып жатады. Сол себепті де бұл типтегі адамдары бүртүрлі, түсініксіз адамдар қатарына қосады. Олардың арасында данышпандар да кездесуі мүмкін. Жарымжан, жарымес адамдар да шығуы ықтимал. Көбінесе он бір санындағы адамдар көріпкел немесе тақуа адамдар болады. Сондай-ақ айтқан әңгімесімен бәрін сендіре алатын қасиетке ие, сенімді түрде өздерінің ақиқатты айтып тұрғанын дәлелдей алады. Өмірде бұл адамдар күрделі. Негше десеңіздер өз діттеген мақсаттарына жету үшін олар жақсы көретін адамдарын да айырбастап жіберуі, сатып кетуі мүмкін. Сондықтан да болса керек бұл адамдар әсіресе жалғыз қалады.

22 саны –  өмірде бар жақсы қасиеттердің бәрі осы адамдардың бойында жинақталған десе де болады. Олар көшбасшы болуға бейім тұрады. Сезімтал әрі шығармашылық дарындары бар. Ойлары да ұшқыр. Іскерлік қасиеттерге де ие. Жоғары рухани артықшылықты да лсылардан байқауға болады. Сондықтан көбінесе осы адамдар халықтық қозғалыстардың көшін бастайды. Немесе үлкен оқымысты, ғалым, дәрігер, философ, кәсіпкер, сиқыршы болып кетеді.

http://www.kalaisyn.kz



Ұқсас тақырыптар