Соңғы екі-үш күннен бері интернет әлемін басында тымағы, қолында қамшысы мен домбырасы бар қазақтың суреті шарлап кетті. Ол кім?
Өте шеберлікпен түсірілген сурет шындығында әдемі әрі үрей туғызатынын да жасыруға болмайды. Құз басында тұрып және отырып түскен суретті түсірген кім? Ақыры әлемдік БАҚ мұның мекен- жайын тапты. Құз басында тұрған жігіт қандасымыз болып шықты. Ол –Түркияның қазағы, Оның аты-жөні – Мұстафа Көк.
Иә, әдемі. Бірақ бір қарағанда адамның бойына үрей әкелетіні рас. «Бірақ мен еш қорыққан жоқпын. Өзімді таныстырар болсам, қарапайым қазақпын. Мал бағамын. Шексізәлем мен биіктікке үйреніп қалғанмын. Қолымнан қамшым түспейді, домбыра тартамын. Күйшімін. Отандастарыма дұғай сәлем!», – дейді ол.
Қандасымыз Мұстафа Көк HOLA News тілшісіне берген сұхбатында осылай деп ағынан жарылыпты. Ақиқатын айтсақ, сурет Түркияның Гюллек қорғаны маңайында түсірілген көрінеді. Ал суреттің авторы – Мұстафа Көктің өз ұлы Халид Найым Көк екен.
Айқын газеті