«Өткенді еске алып, болашақты бағдарлау»

1.jpg

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты Ұйымының дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Лассина Зербо бастаған «Өткенді еске алып, болашақты бағдарлау» Халықаралық конференциясына  қатысушылар тобын қабылдады.

Әңгімелесушілер алдымен осы форматта өтті ЯСЖТШҰ -ның көрнекті қайраткерлері мен Халықаралық жастар тобы Конференциясының  маңыздылығын атап өтті. Іс-шара 29 тамыз күні атап өтілетін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күніне арналып отыр.

Қ.Тоқаев Қазақстанның ЯСЖТШҰ -мен ынтымақтастықтығын жоғары бағалады және антиядролық мәселелерге халықаралық қоғамдастықты тартудағы белсенділігі үшін алғысын білдірді. «Ядролық қаруды таратпау мәселесін Қазақстан тұрақты назарда ұстайды. Біздің еліміз бұл бағыттағы жұмысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде белсенді түрде жалғасады », - деді ол.

Қ.Тоқаев жаһандық антиядролық қозғалыс құру, ядролық қарудан азат әлемнің жалпыға бірдей Декларациясын қабылдау, әлемнің өзге аймақтарда ядролық қарусыз аймақтар құру сынды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан Қазақстанның маңызды ядролық қаруға қарсы бастамаларына қатысушылардың назарын аударды. Қ.Тоқаев «Бейбітшілік - XXI ғасыр» бағдарламалық құжатына бөлек тоқталды. Оның негізгі идеясы - 2045 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының 100 жылдығына дейін әлемді соғыс пен қақтығыстар вирусынан арылтып,  ядролық қарусыз әлем құру. «Мен БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің жаһандық қарусыздану үдерісінің болашағы көрсетілген және нақты қадамдар мен жаңа ұсыныстарын естігеніме қуаныштымын. Бірлескен күш-жігермен бұл үдерісті алға жылжытуға болады деп санаймыз. «Қарусыздану мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы мен Қазақстан Республикасының көптеген мәселелер бойынша көзқарастары сәйкес келетіні қуантады» , - деді Сенат Төрағасы.

Конференцияға қатысушылар ядролық қаруды таратпау төңірегіндегі түрлі мәселелер бойынша пікір алмасты және халықаралық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау саласындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларының жоғары маңыздылығын атап өтті. «Қазақстанға ЯСЖТШҰ күшіне енуіне жәрдемдескені үшін алғысымды білдіремін. Біз осы маңызды мәселе бойынша сіздердің қолдауларыңыздан  үміттіміз» , - деді Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты Ұйымының дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Лассина Зербо деді.



Ұқсас тақырыптар