Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

6.jpg

Будапештте (Мажарстан) жастар арасындағы әлем чемпионатының ақтық кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың ішінде бірінші болып рингке Нұрбек Оралбай шықты. 75 келіге дейінгі салмақ категориясында ол ресейлік Данил Тетеревпен кездесіп, төрешілер бір ауыздан жеңісті отандасымызға берді. Бұл - аталған турнирдегі Қазақстанның бірінші медалі.

Нұрбекпен бірге бүгін рингте 91 келіге дейінгі салмақта Айбек Оралбай (91 келі) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы да ресейлік (Игорь Федоров). Ал қыздар арасында 54 келіге дейінгі салмақта Айзада Ісләмғали америкалық боксшы Айана Вердускомен қолғап түйістірсе, тағы бір боксшымыз Гүзәл Садықова (81 келі) ресейлік Анастасия Рыбаковамен күш сынасады.

 Венгрияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионаты 1 қыркүйекке дейін жалғасады.



Ұқсас тақырыптар