Samsung алғашқы бүктемелі смартфонды жыл соңына дейін көрсетуге дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru порталына сілтеме жасап.
Бұл құрылғының дисплейі иілгіш әрі органикалық жарықдиодқа негізделген.
Мұндай мәліметті компанияның ұялы бөлімшесінің бас директоры GSM-Arena басылымына берген сұхбаты барысында айтқан. Оның айтуынша, вендор бүктемелі смартфон сипатына ие Galaxy сериясындағы құрылғымен жұмыс істеуде. Әзірге оның қалай жұмыс істейтіндігі жөнінде нақты мәлімет жоқ. Құрылғы не ішке қарай бүктелуі мүмкін немесе дисплей өзімен бірге корпусты да айналдырады.
Еске салсақ, бірнеше күн бұрын компания инсайдерлері Samsung-тің алғашқы төрт камералы самартфонды шығарғалы жатқандығын мәлімдеген. Бүктемелі құрылғы мен төрт камералы аппарат айтылып жүрген сол бір смартфон деген де нұсқалар бар.