Астанаға әлемдік деңгейдегі бизнес сарапшылар келеді

4.jpg

«Astana Bastau-Бизнес аумағы» бизнес - семинары жаңа форматта өткізіледі. Бұл  туралы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Шағын және орта бизнес бүгінде елорда экономикасының жартысынан астамын қамтиды. Бірақ біз бизнес үшін әлем өте тез өзгеретінін түсінеміз, күн сайын экономикалық салаға жаңа технологиялық сын-қатерлер мен қиындықтар келеді. Сондықтан біз сіз үшін жаңа форматта «Astana Bastau-Бизнес аумағы» бизнес - семинарын өткізуді шештік», - деді Әсе Искешев.

Семинардың  басты мақсаты - бизнесмендерге өз ісін және жалпы ойлауды өзгерту арқылы алға сапалы серпіліс жасауға мүмкіндік беру.

Семинарда қатысушылар келесі бағыттар бойынша біліктіліктерін арттыра алады: бизнесті цифрландыру (орау, траффик және лидогенерация), инвестицияларды тарту,бизнесті үлкейту және тиімді сатуды құру техникасы.

Семинарда спикерлер ретінде «фанк стиліндегі бизнес» бестселлердің авторы Кьел Нордстрем, ТМД - дағы нөмірі 1 нетуоркинг бойынша сарапшы Гил Петерсил, Like холдингінің негізін қалаушы және иесі Аяз Шабутдинов және т. б. сияқты бизнестегі әлемдік сарапшылар сөз сөйлейді. Іс-шара 22-23 қыркүйекте «Барыс-Арена»мұз сарайында өтеді.

Кәсіпкерлерге аталмыш шараға тегін қатыса алады.

 



Ұқсас тақырыптар