Мәскеудегі наразылық акциясына барған Жириновский таяқ жеп қайтты

9.jpg

ЛДПР партиясының басшысы Владимир Жириновский Пушкин алаңында өтіп жатқан наразылық акциясына барып, митингке келушінің бірімен жағажыртысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі infox.ru порталына сілтеме жасап.

Зейнет жасын ұлғайтуға қарсы ұйымдастырылған наразылық шарасына келушілер ресейлік саясаткерді жақтырмай қарсы алды. Әр жерден «Клоун», «Позор» деген дөрекі сөздер айтылып жатты. Жириновский намысына тиетін сөздерге шыдай алмай сөз қайтарған, осы кезде митингке келушілердің бірі оған жұдырығын ала жүгірген. Нәтижесінде екеуі төбелесіп, жерде домалап жатты. Жириновский жағасынан алған адамға психиатриялық ауруханаға қаралуына кеңес беріп, үш жыл түрмеде отырғызатынын айтып, сес көрсетті. Митингке келушілер жан-жақтан оған ысқырып, тіптен біреуі аяқ киімін лақтырған.

Дегенмен Жириновский акцияға қатысушылар алдында сөз сөйлеу мүмкіндігін алды. Сөз арасында ол Мемлекеттік думада зейнет жасына қатысты реформаны қолдап, дауыс бермегендігін айтты. Сондай-ақ наразылық танытушыларды заң бұзбауға шақырып, бұл үшін жауапкершілікке тартылуылары мүмкін екендіктерін айтты.



Ұқсас тақырыптар