Қазақстан мен Өзбекстан ғарышқа жер серігін ұшыруға ниетті

4.jpg

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы жоспарларымен бөлісті. Соның ішінде Өзбекстанмен жер серігін жасау жобасы да бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық әскери-теxникалық ынтымақтастық департаментінің директоры Асланбек Сырлановтың айтуынша, бүгінде Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жер серігін жасауға қатысты нақты ұсыныстар бар. Аталған аппарат екі мемлекетке ғана емес, аймақтың басқа да елдеріне қызмет көрсете алады.

"Қазіргі кезде біздің өзбек әріптестеріміз шетелдің жер серіктерін қолданып келеді. Сондықтан бірлесіп бір жер серігін құрастыру туралы ұсыныс жасалды", - деді А.Сырланов Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастығына арналған Халықаралық конференцияда.

Бұдан бөлек, Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы аясында жерді қашықтан түсірудің бес бірдей жер серігін жасап шығару ұсынылып отыр. Аталған аппараттар 5 метрге дейінгі заттарды анық түсіре алады.

3.jpg

"Сонда Орталық Азияның әрбір мемлекеті бір-бір жер серігін басқарып отырады. Алайда бес бірдей аппараттың мәліметтерін қолдануға мүмкіндік бар. Осылайша, күн сайын жаңа суреттерді алуға болады. Осының бәрін Қазақстан ұсынып отыр", - деп атап көрсетті А.Сырланов.

Айта кетейік, бүгін Астанада жаңа геосаяси жағдайдағы Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын дамытуға арналған Халықаралық конференция басталды. Шараның ұйымдастырушысы - ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты. Конференцияға Өзбекстан президенті жанындағы Аймақаралық және стратегиялық зерттеулер институтының басшылығы да келді. Бұдан бөлек, екі елдің белді сарапшылары қатысуда. Шара аясында екі институт өзара ынтымақтастық туралы меморандумды рәсімдеді.



Ұқсас тақырыптар