2018 жылдың 12 қыркүйегі мен 12 қазан аралығында Қорғаныс минстрлігінің бекітілген кешенді жоспары бойынша Әуе Қорғанысы Күштері, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу орталығында 300 дей әскери міндеттілермен (запастағы офицерлер) бір айлық жиын өтуде.
Бір ай бойы жиынға қатысушы әскери міндеттілер радиотехникалық әскерлер, байланыс және радионовигация, радиотехникалық әскерлер, әуе шабуылына қарсы құрлық әскерлері және зенитті зымыранды әскерлер мамандықтары бойынша білімдерін шыңдайды.
Жиынның негізгі мақсаты: әскери міндеттілердің бейбіттен соғыс соғыс уақытына көшіру кезінде барлық запастағы офицерлердің функционалдық міндеттерін білу деңгейлерін жетілдіру және жауынгерлік әзірлігі мен командирлердің қойылған тапсырмаларын орындау қабілеттілігін тексеру, сондақ-ақ шешім қабылдауда үйлесімділікті арттыру болып табылады.
Оқу үдерісі кезеңінің алашқы аптасында жалпы әскери дайындық бойынша әскери институттың білікті қызмет бастықтары дәрістермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қару-жарақ және жарылғыш заттармен, әскери техникаларда, медициналық алғашқы көмек көрсету, дене дайындығы, химилық зиянды заттар сынды тағы басқа қауіпсіздік ережелерін сақтайтын дәрістер бойынша дәрістер өткізілді.
Жиынға қатысушы офицерлерді жататын орынмен және әскери киіммен қамтамасыз етіп, азық-түлік қызметіне қазандық үлеске қойды.
Оқу жиынына Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институт бастығының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары-басақарма бастығы полковник Олжабаев Мұрат Қуатбекұлы жетекшілік етеді.
Жиын басшысының пікірінше «Қорғаныс министрлігі тарапынан өткізіліп жатқан бір айлық жиынның әскери институттың оқу-орталығында өткізілетіні етенеден белгілі болды. Жоспарға сәкес әскери міндеттілерге арнап далалық жағдайда оқу-орындарын, дәріс алаңдарын дайындадық. Жиын әкімшілігіне әскери институт ішіндегі үздік офицерлерден ал мамандарды дайындауда білікті оқытушы-профессорлар құрамынан бекіттік. Жалпы әскери міндеттілермен өткізіліп жатқан оқу үдерісі жоспарға сай үзіліссіз өткізілуде жәнеде қорғаныс басшыларының осы сынды іс-шаралары еліміздің қорғанысын нығайтуда ертеліме кешпе өз жемісін берері сөзсіз» деп шегелейді.
Жалпы бір айлық жиынға еліміздің барлық облыстарынан шақырылған жас шамасы 22-37 аралығындағы әскери міндетті запастағы офицерлер қамтылған. Дені көбі еліміздің көркейуіне қызмет атқарып жүрген маман иелері. Шақырушылардың алдыңғы қатары мемлекеттік қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, бизнесмендер, ауылшаруашылық жер иелері, мұнай, газ саласы мамандары, оқу-орнындарының оқытушылары құрайды.
Мемлекеттің қаулысымен бекітілген іс-шара болғандықтан жиынға бармаудың реті жоқ. Бір ай бойы барлықтарының жұмыс орындары сақталып, еңбек ақылары жүреді. Солардың бірі Астана қаласының Қорғаныс істері департаментінен шақырылған, «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының жетекші маманы 23 жастағы запастағы лейтенант Шаяхметов Алибек Болатұлының сөзіне сүйенсек, «Алашқыда Астана қаласының Қорғаныс істері департаментінен қоңырау шалып, Алматы қаласына бір айлық жиынға баратынымды ескертіп, осында келуімді сұрады. Артынша барып істің мән жайына қанық болғаннан соң межелі күні жолға шығып қыркүйек айының 12 жұлдызында осында келдім. Бізді мұнда темір жол вокзалынан күтіп алып осында алып келді. Оқу орталығының қақпасынан тексеріп кіргізіп, әскери киім кигізіп, жататын орынмен қаматамсыз етіп, тамақ үлесіне есепке қойды. Қазіргі таңда рота, взвод бойынша дәрістер өткізілуде. Мен және менің қасымдағы жігіттер болып радиобайланыс мамандығы бойынша дайындықтан өтудемін. Жалпы маған жиын тосыннан болғандықтан өмірімдегі мәні бар елеулі оқиға болып қалмақ. Қазақстан Республикасының халқының алдында Әскери ант қабылдап соңғы демім қалғанша елімді қорғаймын деп сөз бергенім бекер емес. Осындай жиыннан әскери біліктілігімді жетілдіргендігім алдағы уақытта пайдасы болмаса зияны жоқ. Осында еліміздің барлық өңірінен достар тауып, таныстығымызды арттырып жатырмыз. Осы жиынды ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Қазақстан Армиясы нығайы берсін деймін.»
Жиын барысында әскери міндеттілерге демалыс күндері Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының «Байланыс жігіттері» көңілді тапқырлар командасы әзілдерімен, мәдени демалу орталығының бастығы подполковник Мұрат Махантаевтың ұйымдастыруымен еліміздің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері және коркемөнерпаздар курсанттары сазды, жігерлі концерттер қойды. Жиын соңында Алматының көрікті жерлеріне саяхаттау жоспарланған.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік
институтының баспасөз қызметі
запастағы майор Ербол Алибаев
сурет автордікі