Павлодар облысында алты астық қабылдау орны жұмыс істеуде, барлығы астық қабылдауға сақадай сай.
Аталған облыста астық тұқымы себілген алқаптардың алпыстан аса пайызы орылып үлгерген. Бірнеше ауданда өнімнің шығымдылығы гектарына 30 центенерге дейін жеткен.
Рекорд орнатқан елді-мекендердің бірі Успен ауданы, астықты молынан орып алған олар гектарына 30 тоннаға дейін жинаған. Ал өңір бойынша астықтың орташа шығымдылығы гектарынан 11,4 центнерді, ал жалпы өнім 500 мың тоннаны құрайды деп күтілуде.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашевтың дерегінше, биылғы жылы өңірдің шаруалары 1,055 гектар аумақтан астық жинауды жоспарлап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық. Астықты алқаптардың басым бөлігінде дәнді және майлы дақылдар егілген. Тарқатып айтсақ, дәнді дақылдар – 729 мың гектар және майлы дақылдар - 215,9 мың гектарды құрайды.
Қазіргі кезде өңірде 422 мың гектар аумақта астық жиналып аяқталды.
Ведомствоның басшысысы Нұрболат Мақашевтың айтуынша, биылғы жылы күзгі орақ маусымы кезіндегі шаруалардың дизель отынына деген сұранысы 21 мың тоннаны құрады. Жанар-жағармайдың барлық бөлінген көлемі толықтай төленіп, 14,8 мың тонна шаруаларға жеткізілді.
Мамандар астықты қабылдау, кептіруде мәселелер туындамайтынына сенімді.
«Бүгінгі таңда облыста алты астық қабылдау пункті жұмыс істейді. Барлығы астық қабылдауға дайын. Нысандардың жалпы қуаттылығы – 26 мың тонна. Сонымен қатар, 700 мың тоннаға шақталған қоймалар бар. 71 кептіру құралы да дайын. Бір күндік қуаттылығы - шамамен 1600-1700 тонна», - дейді Нұрболат Мақашев.
Шөп шабу науқанына келсек, фермерлер 1,5 миллион гектар аумақтан жұмыс 1,2 миллион тонна жем-шөп тасып, қысқа әзірлеп қойды.