Азия Параойындары-2018: Зүлфия Ғабидулина алтын медаль алды

2.jpeg

Джакартада ІІІ Азия Параойындарында Рио-2016 Паралимпиадасының чемпионы Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлдені сыйлады, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшы Зүлфия Ғабидулина 100 метр қашықтықта еркін стильде жүзуден Индонезиядағы ІІІ Азия Параойындарының чемпионы атанды.

Айта кетсек, бұл – ел қоржынындағы бүгін алынған үшінші алтын медаль. Бұған дейін Сиязбек Далиев пен Ержан Сәлімгереев пара жүзуден бірінші орын алғанын хабарлаған болатынбыз.



Ұқсас тақырыптар