Қазақстан мен Сербияның мемлекеттік органдары бірқатар меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Астанада Сербия Республикасының президенті Александр Вучич пен ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Қазақстан-Сербия бизнес форумы өтіп жатыр.
Аталған форумға агроөнеркәсіптік кешен, химия, туризм, медицина, көлік, телекоммуникация салаларында жұмыс істейтін сербиялық компаниялар қатысуда. Олардың арасында беделді Algotech (телекоммуникация), Сhemical Agrosava (химия), Akomed (медициналық жабдықтар өндірісі), Аданко (тоқыма), Meat ING Belgrade (ауыл шаруашылығы), ветеринарлық медицина институты, Белград әуежайы сияқты ірі серб компаниялары бар.
Сонымен қатар бизнес форум аясында қос мемлекет арасындағы байланысты одан әрі нығайту мақсатында 4 ведосмтвоаралық меморандумға қол қойылды:
1. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Сербия Республикасы Құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрлігі арасындағы әуе тасымалы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
2. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Сербия Республикасы Құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрлігі арасындағы құрылыс саласындағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу туралы меморандум;
3. ҚР Әлеуметтік даму министрлігі мен Сербия Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
4. «Ветеринарлық медицина ұлттық анықтамалық орталығы» РМК мен Сербияның ғылыми ветеринарлық институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;