Радиоэлектроника және байланыс-әскери-инженерлік институтына 17 жыл

0002.jpg

2018 жылдың 15 қазанында полковник Асқар Досбосынұлы Мұстабеков басқаратын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты 17 жылдығын салтанатты түрде атап өтті. Салтанатты кешке генерал-майор Орынбеков Мубарак Орынбекұлы, авияция генерал-майоры Старыш Анатолий Трифонович және Алматы қаласының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қонақ ретінде шақырылды. Мерекелік кеш барысында институтымызда үздік көрсеткіштерге қол жеткізген әскери қызметшілерін институт бастығы кезекті әскери шендер, грамоталармен марапаттап, алғыс жариялады. Институт құрылған күні қарсаңында, институт бастығының кубогы үшін, дене дайындығы кафедрасы футболдан, «Бес қару» патриоттық клубы Алматының мектеп жасындағы балалар арасында әскери сайыс ойындарын және курсанттарымыздың ұйымдастыруымен студенттер арасында  Респуликалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті.

Биыл бірінші рет «Халықтың көзі, үні, һәм құлағы» - демекші, жетістіктерімізбен алған асуларымызды жалпақ жұртқа жариялап жүрген тілшілер қауымын «СТВ» арнасының тележүргізушісі Людмила Скороходованы, «Сарбаз, Айбын» редакциясының бас директоры Ерлібай Қыдырбайды, тілшілері Рима Біләлқызын, Меруерт Сафаеваны, Халықаралық «Түркістан» газетінің редакторы Динара Мыңжасарқызын, Республикалық саяси қоғам «Айқын» газетінің тілшісі Қайыржан Төрежанды, «Патруль кз» ақпараттық порталының тілшісі Сагида Сарбасованы, «Мезгіл.кз» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Дархан Бейсенбекұлын, «Жетісу» арнасының тілшісі Құрманжан Қасымжанды институт бастығы алғыс хаттармен марапаттап, алдағы уақытта бірлесіп тізе қосып жұмыс жасайтындығын айта келе еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.

1991 жылы Егемендік алған тұста елімізде офицерлік кадр мамандарын дайындайтын екі әскери оқу орны қалған болатын. Бірі Алматы қаласында орналасқан, Кеңес Одағының Маршалы И.С. Конев атындағы Алматы әскери жалпы командалық училищесі мен екіншісі Ф.Э. Дзержинский атындағы шекаралық командалық училищесі болатын. 

1994 жылы Ақтөбенің жоғарғы азаматтық авиация училищесінде  ұшқыш-техниктерді дайындайтын Әскери әуе күштерінің әскери факультеті ашылды.

Әскери мамандарды дайындауда, еліміздің қорғаныс күшін нығайту үшін аталған әскери оқу-орындары жеткіліксіз еді. Осыған байланысты зениттік-зымыранды, радиотехникалық әскерлер, радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімдері, байланыс әскерлері мен автоматты басқару жүйесінің мамандарын дайындайтын төл әскери оқу-орны керек болды. 

Сол уақытта Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы Армия генералы, Халық ҚаҺарманы Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың күш салуымен  Азаматтық авиация академиясының әскери факультеті жанынан, 2001 жылдың 15 қазанында Үкімет Қаулысымен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты құрылды. Қорғаныс министрінің директивасына сәйкес әскери институттың дислокациялық орны, штаттық құрылымы мен негізгі жеке құрамның оқу-орны бекітілді. Әскери институттың бірінші бастығы болып полковник А.М. Саганаев тағайындалды.

25.jpg

Әскери институттың қабырғасын қалауға және нығайтуға сол кездегі Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің басшысы генерал-майор Оқас Базарғалиұлы Сапаровтың және де қазіргі таңдағы мәжіліс депутаты генерал-лейтенант Абай Тасбулатовтың да еңбегі орасан болатын.

Институттың оқу үдерісінің негізін қалап, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырған алғашқы офицерлер полковник Д.Джаримбетов, К.Кибатаев, С.Щепин, А.Молдабаев, И.Саврас, А.Таряник, Н.Юношев, В.Досалин, В.Макаров, Р.Насыров, Н.Онищук, С.Чукеитов, С.Ягуткиндер болды.

Негізгі ауыртпалық институттың оқу бөліміне жүктелді. Бөлімнің офицерлері аз уақыт ішінде оқу үдерісінің құжаттарын рәсімдеп, жедел түрде оқу нысандарын дайындады. Институттың оқу әдебиеттерін, әдістемелік құралдарын шығаруда күш салған подполковник С.Воробьев, И.Сеитов, В.Горбачев, прапорщик Т.Кокидько және кіші сержант И.Некрасовалар болды.

Институтты құру барысында маңызды рөл атқарған оқытушы профессорлар құрамы Е.Безруков, А.Вершинин, О.Зябров, П.Кокидько, П.Мельников, Д.Нурлыбеков, Б.Шамиловский, В.Панкратовтар курсанттарды оқытуда барын салып, жауапты қырынан қарады.

Қазіргі таңда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Қазақстан Қарулы Күштері мен басқа да қуатты құрылымдарға Радиобайланыс және радионовигация, Радиотехника, Көпасалалы және бір салалы зенитті-зымыранды әскерлер, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, Радиоэлектрондық күрес және радиоэлектронды барлауды ұйымдастыру, Автоматты басқару жүйесі, Байланысты ұйымдастыру мен радионовигация, Ақпараттық технологияның қауіпсіздігін ұйымдастыру мамандықтары бойынша мамандар  дайындайды. Биылдан бастап әскери институт кибер қауіпсіздік мамадығы бойынша мамандар дайындауды қолға алды. Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің ұйымы аясындағы әскери шарттарға сәйкес, Қырғызстан Республикасына әскери мамандар дайындаумен қатар келесі жылдан бастап Өзбекістан, Тәжікістан Республикаларына әскери мамандарды дайындау жоспарланған. 

Бүгінгі күні институт қабырғасында жоғарғы кәсіби деңгейдегі профессорлық-оқытушылар құрамы қызмет атқарады. Атап айтсақ 4 ғылым докторы, 10-нан аса ғылым кандидаты және 84 ғылым магистрлері курсанттарға сапалы білім беруде. Жылдан жылға Қорғаныс министрінің тарапынан Орталық Азиядағы теңдесі жоқ әскери оқу-орнына көптеген жағдайлар жасалып, қорғаныс саласының үздік мамандарын оқытушы ретінде институтымызға жіберуде.

Институттың офицерлері, сержанттары және курсанттары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі тарапынан ұйымдастырған барлық іс-шараларға атсалысып келеді. С-125 оқу дивизионының есептік тобымен қатар, институт курсанттары «Сарышаған» мемлекеттік сынақ алаңында жауынгерлік атудан «Жауынгерлік достастық» оқу жаттығуында шеберліктерін шыңдайды.

IMG_0878.JPG

Мемлекет көлемінде өткізілетін әскери парадтарға институт есеп тобы сап түзеп, үнемі үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.

Институт қабырғасында қызметтерін өтеп, офицерлік кадр мамандарды дайындауда үздік көрсеткіштерге қол жеткізген офицерлер Қорғаныс министрі тарапынан көтермелеуге ие болды. Олар полковник  Р.Р.Алимжанов, запастағы полковниктер И.А.Сеитов, Г.У.Таиров, майор А.Майлыбаев, 17 жылда 11 офицер мемлекеттік наградаға ие болды.     

Институттың басты бағыты – ол Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің зияткерлік діңгегін қалайтын, жоғары кәсіби деңгейдегі әскери мамандар дайындау болып табылады. 

2002-2018 жылдар аралығында институт қабырғасынан 1872 офицер түлеп шықса, оның 192-сі оқу үздігі атанды. Биыл рекордты жағдай бірінші рет 51 курсант оқу үздігі атанса, оның 11 алтын медаль иегері атанды. 18 түлек мемлекеттік наградаға ұсынылды. Институт түлектері Тәуелсіз Еліміздің барлық әскери гарнизондарында қызметтерін жарғыға сай адал атқарып жүр. 300-ден аса түлектеріміз жеке радиолокациялық рота командирлерінен бастап, дивизион командирі, бригада командирі қызметтерінде борыштарын атқаруда. 165 офицер Президент күзет қызметі, ҰҚК, Ұлттық Ұлан, Шекра қызметі,Төтенше жағдайлар қызметі, Ішкі Істер министрлігінде абыроймен міндеттерін атқаруда.

Институт ұжымы әрқашанда бітіруші түлектерімен мақтана алады, өйткені олар Ел Тәуелсіздігін қорғау мақсатында, жоғарғы жауынгерлік дайындықтарын жетілдіруде аянбай еңбек етуде. Олар – Қазақстан  Республикасының Қарулы Күштерінің офицерлік корпусы қатарына қосыла отыра, Қазақстан Армиясының жаңа мың жылдық тарихы мен алдыңғы аға буынның дәстүрін жалғастырушы азаматтары болып қала бермек.

Осы уақытқа дейін институт курсанттары Қырғызстанда, Белоруссияда, Арменияда, Ресей Федерациясының: Воронеж, Смоленск, Санкт-Петербург, Ярослав, Кострома қалаларында өткен ғылыми Олимпиадаларға белсенді түрде қатысып, үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. 

2018 жылдың сәуір айында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында осыменен екінші рет Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары білімнің білім беру ұйымдары курсанттарының математика пәнінен IV Халықаралық олимпиадасы өткізілді. Халықаралық олимпиадаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 7 елінен командалар қатысты, олар: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы. Институттың курсанттар командасы осы айтулы додада екі жыл қатарынан күміс жүлдеге қол жеткізді.

Оқу үдерісі кезінде курсанттар дене шынықтырумен қатар, спорттың барлық түрлерімен айналысады. Институт офицерлері, сержанттары және курсанттары спорттың әр түрінен; Дания корольдігі, Швеция, Мәскеу, Санкт-Петербург, Самара, Эквадор, Қырғызстан Республикасында халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүр. Институт қабырғасынан 16 Қазақстан Республикасының спорт шебері дайындалды, олар: полковник Е.В. Мацуца, капитан О.С. Сердалиев, курсант А. Табанов, Р.Е. Исмаилов, В.А. Корелов, Н.Н. Ирсалиев, Р.Э. Исмаилов, Н.К. Алибек, Д.М. Майлыбаев. Ал курсант Д.Б. Кесикбаев спорттың екі түрінен Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын орындады. 37 - і спорт шеберлігіне үміткер болса 17 жыл ішінде 1000 мыңдай спортшы әр спорт түрінен разрядтар қорғады. 2018 жылдың түлегі лейтенант  А.Байсалбаев Қазақстан Қарулы күштерінің сапында, гір тасын көтеруден ТМД Қарулы Күштерінің арасында өткен сайыста екі дүркін күміс жүлдегер, Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы атанып, спорт шебері атағын қорғады. Лейтенант Н. Үсіпбеков белтемірге күшпен шығу жаттығуын 500 рет орындап, институт рекордын орнатты.

Институт ішінде «Патриот» ғылыми-дебаттық клубы, «Бес Қару» әскери-патриоттық клубы және «Барыс» әскери-психологиялық клубтары құрылып, қалалық және республикалық деңгейлерде өнер көрсетеді. 2011 жылы «Байланыс жігіттері» және «Престиж» көңілді тапқырлар клубы құрылды. Көңілді жайдарман жігіттеріміз Ұлттық Лигада үздіктер қатарында өнер көрсетіп жүр. 

 Жуырда  институт курсанттары Түркістан облысы Түркістан каласы А. Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінде «Болашаққа бастар жол, рухани жаңғыру» атты Республикалық пікірсайыс турниріне қатысып жүлделі екінші орынды иеленді. 

2017-2018 жылдың рейтингісі бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының «Патриот» ғылыми дебаттық клубы жоғары оқу орындары  арасында 11-ші орныға тұрақтады. 

Институттың танымал оқу орнына айналуы жолында алғашқы құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейін басқарған білікті басшылары:

2002-2007 жылдары полковник А.М.Саганаев,

2007-2010 жылдары генерал-майор Е.Л.Оразов,

2010-2017 жылдары генерал-майор Қ.А.Садыков,

2017 жылдан осы уақытқа дейін полковник А.Д.Мұстабеков басқарып келеді.

2017-2018 оқу-жылы институт үшін жемісті болды:

- институт курсанттары  ҚР ҚК күніне орай Гвардейский қалашығында Мемлекет көлемінде өткізілген жауынгерлік парадта институттың есеп тобы сап түзеп, саптық дайындығы бойынша үздіктер сабынан табылды;

- 2018 жылдың сәуір айында Тәуелсіз Мемлекеттер арасында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында 2 дүркін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғарғы білімінің білім беру ұйымдары курсанттарының математика пәнінен Халықаралық олимпиадалары өткізілді. Олимпиадаға 7 мемлекеттің командасы қатысып, институттың математика пәні командасы жүлделі екінші орынды иеленді;

- Институт жеке құрамы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің Бас инспекция комиссиясы тексерісіне түсіп, жақсы деген бағаға бағаланды.

- 2018 жылдың маусым айында 214 курсант әскери оқу-орнын тәмәмдап, 51 түлек оқу үздігі атанды. 

- институттың жауынгерлік жоспарына сәйкес командалық штабтық оқу-жаттығулар өткізіліп, институттың әскери қызметкерлері жедел тактикалық дайындықта кәсіби дағдыларын жетілдірді;

- «Байланыс жігіттері» КВН командасы «Қазақстан КВН Одағы» ұйымдастырған «Жастар» республикалық фестиваліне қатысып жүлделі орын алды.      

- «Патриот» дебат клубы Түркістан қаласында өткен Республикалық жастар пікір сайыс турнирінде жүлделі екінші орынды алды.

- Институт қабырғасында бірінші рет 300 дей әскери міндеттілермен (запастағы офицерлермен) бір айлық жиын өткізіп, сертификат тапсырылды.

       Сөз соңында айтарымыз – институттың әскери қызметшілері мен қызметкерлері, Елбасымыз Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің институт алдына қойған талаптарын қалтқысыз орындап, тапсырмалар мен бұйрықтарға жоғарғы жауапкершілікпен қарайды. Сонымен қатар ол – әскерлердің барлық түрлері мен тектеріне арналған инженер-мамандарды даярлайтын Орталық Азиядағы алғашқы және теңдесіз әскери-инженерлік жоғары оқу орны.

Он жеті жыл ішіндегі институт құрамының қол жеткізген ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерін бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Десек те, көп ұлтты еліміздің тәуелсіздігін сақтап, антына адал, еліміздің ертеңгі тірегі, ел қорғаушы болар азаматтарымыз тәрбиеленіп, білім алып жатыр. Жаңа мыңжылдықта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттігімізді қорғауға қабілетті, жоғары деңгейдегі әскер сапында жүрген институттың әскери қызметшілері мен қызметкерлерін институттың құрылған күні мерекесімен құттықтай отырып, оқу орнымыздың үздіктер қатарынан көрінуі жолындағы жұмыла жасаған еңбегіміз жемісті болсын дегім келеді. 


Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік 

институтының баспасөз қызметінің бастығы

 запастағы майор Ербол Алибаев

сурет автордікі



Ұқсас тақырыптар