Нурмагомедов Мейвезермен бокс ережесімен жұдырықтасуға келісті

3.jpg

Астана, BAQ.KZ. Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Ресейдің бокс федерациясы басшысымен кездесіп, америкалық Флойд Мейвезермен жекпе-жектің мән-жайын талықалады. Бұл туралы Vesti.kz сайты жазды.

Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегорды UFC 229 турнирінде жеңгенен кейін Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырған. Флойд ресейліктің бұл ұсынысын қабыл көріп, өзінің талаптарын қойды.

Америкалық Лас-Вегаста жұдырықтасуды ұсынған, алайда, Нурмагомедов жекпе-жекті Мәскеуде «Лужники» стадионында өткізіп, ақылы трансляциялар сатылымы (PPV) бойынша рекорд орнатуды жоспарлап отыр. Ресейлік файтер Мейвезермен бокс ережесі бойынша жұдырықтасуға дайын екенін білдірді.

«Бүгін Ресей бокс федерациясының бас төрағасы Умар Кремлевпен кездесу болды. Мейвезермен жекпе-жекті талқыладық. Жекпе-жек Мәскеуде аңызға айналған «Лужники» стадионында өткенін қалаймыз. 100 мың көрермен жинайтынымызға және ақылы трансляциялар сатылымынан рекорд орнататынымызға сенімдімін. Ал бастысы мұнда әкем болады, Мәскеуге виза керегі жоқ емес пе. Ал былай менің жанкүйерлеріме сұрақ: маған сенесіңдер ме? Әлде сендер де мені бокста талдырып тастайды деп есептейсіңдер ме?» - деп жазыпты Нурмагомедов Instagram желісінде.



Ұқсас тақырыптар