«Таза қолдар» акциясы өтті

4.jpg

Алматы қаласы Әуезов ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, 2018 жылдың 22 қазан күні ЖШС «Авиценна» емдеу-диагностикалық орталығының медициналық қызметкерлері арасында «Таза қолдар» атты акция ұйымдастырып жүргізгенін мәлімдейді.

Акцияның негізгі мақсаты – медициналық қызметкерлерге қолды дұрыс күтуін көрнекі құралдармен көрсетіп, ең бастысы қол арқылы берілетін ауруханаішілік жұқпаларды алдын - алу. 

Акцияға медициналық ұйымнан қатысқан қызметкер саны – 15, оның ішінде дәрігерлер – 6, медбикелер – 9.

Акцияны өткізу барысында, қолды дұрыс жуу қозғалыстардың жүйелілігі бойынша Еуропалық стандарттың EN-1500 әдістемелік ұсыныстарына сәйкес көрсетілді. Медициналық қызметкерлердің қолын дұрыс жуу және өңдеуі көрсетілім түрінде жүргізілді. 

5.jpg

Авиценна қызметкерлері қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының  мамандарына қол жуу техникасын көрнекі құралдар арқылы көрсетіп берді.

Осыған қоса, басқарма мамандары орталық қызметкерлерге жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша буклет, ескертпе қағаздарын таратып, салатауатты өмір салтын ұстану бойынша кеңес берді.

Өткізілген «Таза қолдар» акциясы жұмыстың тиімділігін артыра отырып науқастар арасында ем қабылдау кезінде не болмаса одан кейін кездесетін ауруханаішілік инфекциялардың болдырмауына алып келетінің жеткізіді.  

А. Жақыпова



Ұқсас тақырыптар