АҚШ-тың Иранға салған санкциясы күшіне енді

4.jpg

АҚШ-тың Иранның энергетика және қаржы секторлары, кеме жасау және кеме қатынасы салаларына салған санкциясы 5 қарашадан бастап күшіне енді. Вашингтон санкцияны Тегеранға "ұстанымын өзгертіп", аймақтағы "жаулық іс-қимылдарын тоқтатуға" ықпал ету үшін салып отыр.

Бірнеше сағат бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп бұл санкцияларды АҚШ-тың Иранға осы кезге дейін салған санкциялары ішіндегі "ең қатаңы" деп атады. "Иранға не болатынын көрейік. Бірақ олардың жағдайы аса жақсы емес" деді Трамп.

Ақ үй бұған дейін жаңа санкция бойынша Ираннан мұнай сатып алу тыйымын бұзғандарға айыппұл салынатынын ескерткен. Дегенмен, Ақ үй әкімшілігі сегіз елге қатысты тыйымның күшін алты айға дейін тоқтата тұру жоспары барын мәлімдеген. Ол сегіз ел тізімі 5 қараша күні кешірек жарияланбақ.

Дереккөз: azattyq.org



Ұқсас тақырыптар