Қазақ тілі әлемнің 60 елінде оқытылады

3.jpg

Қазақ тілі Юнус Эмре атындағы түрік институтының филиалдарында оқытылатын болады, бұл институттың өкілдіктері көп елде бар

"Отандастар" қазақстандық қоры мен Юнус Эмре атындағы түрік институты қазақ тілін әлемнің алпыс елінде оқыту туралы келісімге келді.

"Отандастар" қоры мен Юнус Эмре атындағы түрік институты арасында жақында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум екі ел арасындағы тәжірибе және студенттер алмасуды жандандыруды көздейді, деп хабарлайды 24.kz.

Кездесуде екі ел диаспораларының арасындағы байланысты нығайту және кеңейту мәселесіне көп көңіл бөлінді.

"Мұндай меморандум алғаш рет жасалып отыр. Біз түріктің шетелдегі диаспораларымен қарым-қатынас орнату жөніндегі жақсы тәжірибесін білеміз", — деді "Отандастар" қорының президенті Нұртай Абықаев.

Өз кезегінде Юнус  Эмре  атындағы институттың жетекшісі Шереф Атеш қазақстандық әріптестеріне өз орталықтарын ғана емес, басқа да мүмкіндіктерді ұсынуға дайын екенін жеткізді.

  




Ұқсас тақырыптар