Ауырт атлетика: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын алтын медальсыз аяқтады

5.jpg

Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты мәресіне жетті деп жазады ҚазАқпарат.

Қорытындысында, Қазақстанның әйелдер құрамасы жарысты үшінші орында, ерлер құрамасы жетінші орында аяқтады. Ал ұлттық құрамалардың жалпы есебінде Қазақстан 13-ші орынды місе тұтты. 

Әлем чемпионатында бірінші орынды Қытай иеленді. 7 алтын, 8 күміс, 4 қола медальмен Қытай құрамасы өз қарсыластарынан едәуір озып кетті. Екінші орынға 3 «алтын», 3 «қоламен» Таиланд құрамасы тұрақтаса, үшінші орынды 2 алтын, 1 қола медальмен Иран түйіндеді.

Қазақстан қоржынына барлығы екі медаль түсті - бір күміс, бір қола. Күміс жүлдені 55 келіге дейінгі салмақтағы зілтемірші Арли Чонтей алып келді. Қола медальды 71 келіге дейінгі салмақта Надежда Лихачева алды.



Ұқсас тақырыптар