2018 жылғы 15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде радикалды діни нанымдарының негізінде терроризмді насихаттады, террористік топ құрды және оның әрекетіне қатысты деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды.
ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері табылған.
"Атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдар, соның ішінде ұрыс іс-қимылдарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық алынды. 17 қарашада Ақтөбенің екі тұрғыны да сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда" - делінген хабарламада.