Egov – елге берілген мүмкіндік

Әрбір қазақстандық азаматтың  әл-ауқатын арттыруда қабылданған маңызды қадамдарының бірі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы. Технологиялық тұрғыда дамыған ел экономикасы барлық салаға өз серпінін береді.«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Қазіргі мемлекеттік қызмет көрсету  орындары  онлайн жүйеде  жұмысын жандандырып отыр. 

егов.JPG

Әр адам үйден шықпай-ақ  ұялы телефонмен www.egov.kz сайтына кіре алады. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану қиын емес. Интернет арқылы www.egov.kz веб-порталына кіріп қажет қызметті алуға болады. Сондай-ақ, ауыл мектептерінің арнайы бір кабинеті ауыл тұрғындарына арнап egov.кабинеттерін ашқан. Осындай арнайы кабинеттерге келіп, кез-келген азамат және ауыл тұрғындары тәуліктің кез- келген уақытында  анықтамаға өтініш бере алады.  Бұл «Электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтар қашықтан  қызмет түрлерін пайдаланып, анықтамалармен мемлекеттік баж салықтарын, коммуналдық төлемдер, бала-бақшаға кезекке қою сынды мемлекеттік қызмет түрлерін алуына болады. Осы орайда өз мектебіміздегі egov кабинетінің жұмысына тоқтала кетсек, Алматы облысы, Талғар ауданы, Еламан ауылындағы №41 ЖББО мектепте де арнайы egov кабинеті ауыл тұрғындарына арналған. Үйінде техникалық құрылғылары жоқ немесе интернет желісінің әлсіздігінен қызметті пайдалана алмаған азамат, сондай-ақ техника тілін түсінбеген қарт кісілер де  мектеп ішіндегі осы кабинеттен өзіне керек анықтама түрлерін алуда. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы  мен  мектеп әкімшілігі  ұйымдастырған «Мен онлайн қызметті пайдалана аламын»  жәрмеңкесіне қатысқан жоғары сынып оқушылары мен ауыл тұрғындары http://egov.kz веб-порталының жұмысы мен  қызмет алу жолдарынан ақпарат алды, атап айтар болсақ "Мекен-жай анықтамасын алу", "Соттылығы бар/жоқтығы туралы анықтама алу" және "ЭЦҚ" алу бойынша қызмет түрлері кеңінен түсіндірілді. Өзін-өзі сауаттандыру сатыларынан сүрінбей өткендер де жоқ емес. Сонымен қатар, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауаптар беріліп, көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет түрлері түсіндірілді.

Сонымен қатар, биылғы 2020-2021 оқу жылына 1-сыныптарды және негізгі орта мектепті бітірген 10-сыныптарды электронды  қабылдап, тіркеу де осы egov кабинетімізде жүзеге асты.Ауыл тұрғындарына осындай қызмет түрлерін қалай пайдалану керектігі жөнінде жиі ақпарат беріп отыратын мектеп хатшысы Шестаева Алтынай Кәукенқызының да еңбегі елеулі.

Азаматтарының мұқтаждығы мен қажеттіліктеріне арналған осындай қызмет түрлерінің дамуына өз үлесімізді қосу әрі игілігімізге  жарата білу бәріміздің парызымыз.

Ж.Б.КУНСАКАЛОВА,

№41 ЖББО мектебінің директоры.

Алматы облысы,

Талғар ауданы,

Еламан ауылы.



Ұқсас тақырыптар