Өскемен қаласындағы ҚР ІІМ ҚАЖК «24 мекемесі» сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауқымды кездесу өтті.
Кездесудің басты тақырыбы «Еңбек ақы, жалақыдан ұстап қалулар». 2023 жылдың 1 қаңтарынан еңбек ақы 70 000 теңге болып бекітілді. Осыған орай жұмыс берушілер шақыртылып оларға мекеменің қаржы бөлімінің қызметкерлері мен бірлесе түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс беруші тарап сотталғанға зейнетақы жинағын толықтыруға, медициналық сақтандыруға, табыс салығын төлеуге міндеттеледі, қалған бөлігі мекеменің депозиттіне түседі. Қаржы бөлімі сот үкімі бойынша ұсталымдарды жүргізеді, алимент сияқты міндетемереді ұстайды. Сотталғанды ақылы еңбекпен қамтығаннан кейінгі мәселе сотталғандардың еңбек ақысын қадағалау сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің басты мақсаты болып табылады
Арай КӨШЕРБАЕВА,
№24 мекеме қызметкері.