Boxingnews24.com журналисті Крис Уильямс Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) реванш алдында мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) допинг-сынамасының оң нәтиже беру мәселесін қалай шешуге болатынын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.
«Невада штатының атлетикалық комиссиясы «Канелоны» кінәлі деп тапса да, реваншты жаздың соңына дейін кейінге қалдыру керек. Ең жақсысы - ойынның тең екеніне көз жеткізу. «Канело» осы сәттен бастап жазға дейін немесе қыркүйекке дейін үнемі допинг-сынамадан өтіп тұруы тиіс. Дәл қазір ол Головкиннен әлеуетті басымдыққа ие. Сондықтан, дәрінің күші толықтай кеткеніне көз жеткізу үшін жекпе-жекті төрт-алты айға кейінге шегеруі керек. Головкин «Канелоны» лагерьге дейін тексерулерін сұрауы тиіс, сонда ғана ол доппинг алаяқпен жұдырықтасып жатпағанына сенімді болады», - деп жазды Крис Уильямс.
Еске салайық, Головкин - Альварес реваншы 5 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.