Біртанов хиджамаға қатысты пікір білдірді

5.jpg


Хиджама қауіпті ме? Қазақстанда соңғы уақытта қан алдыру күрт көбейіп барады. Бұл емдеу түріне қатысты бүгін Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді. Еліміздің бас дәрігерінің айтуынша, мұндай ем-дом тәсілі әлемде ғылыми түрде дәлелденбеген. Сондықтан Біртанов жұртты сақ болуға кеңес берді, деп мәлімдеді КТК арнасы.


ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: 

-Министрлік бақылайтын стандартты медициналық қызметтердің сапына кірмегендіктен, біз мұны медициналық қызмет деп санамаймыз. Жұмысымыз тек қана азаматтардан тікелей біздің комитетке зардап шеккені туралы ақпарат келсе біз тиісті шараларды қабылдаймыз. Заң бойынша. Яғни, хиджама жасайтын орталықтардың жұмысын Денсаулық сақтау министрлігі бақыламайды. Оның үстіне әзірге бірде-бір адам арыз айтып келмепті. Бірақ қанды кейбір пысықайлар үйдің ішінен де алатындықтан санитарлық талаптың сақталмайтыны министрді шошытып отыр. Себебі арам қанды алу кезінде азаматтар қауіпті кесел жұқтырып алуы мүмкін. Одан қалды бұл іспен қазір діннен де, медицинадан шала білімі барлар да айналысып жүр. Қызметтері 5 мың теңгеден басталып, жоғарылай береді.  Айта кетсек, хиджаманың өзі емделудің исламдық тәсілі. Ол қан айналымды жақсартып, ішкі құрылыс, асқазан, ішек, бас аурулары мен варикоздарды емдеуге көмектеседі деген түсінік қалыптасқан.



Ұқсас тақырыптар