Тяньгун-1 аппаратының Жерге 165 шақырым қашықтақтағы фотосуреті/Fraunhofer FHR
Қытайдың «Тяньгун-1» ғарыш зертханасы адамзат баласының мекеніне қарай ұшып, құлдилатып келе жатыр. Бұл туралы 24.kz арнасы Sky News сілтемежасай отырып хабарлады.
Ғалымдардың айтуынша, қолданыстан шыққан аппарат жексенбі күні кешке Жер бетіне жетуі тиіс. Егер бұл уақытқа дейін ауа қабатында өртеніп кетпесе, ғаламшарға көлемі автобуспен бірдей аппарат құлайды. Ал қытайлардың өздері атауының аудармасы «Әуедегі зәулім сарай» деп аталатын спутниктің құлауынан ешбір қам жемеуге шақырды. Себебі спутниктен Жерімізге тек метеорит жаңбыры жауады-мыс.
Ал Еуропалық ғарыш агенттігі аппарат қалдықтарының нақты қай елге құлайтынын дөп басып, айта алмай отыр.