Ресейлік UFC файтері Хабиб Нурмагомедов бұрынғы отандасы Артем Лобов және қазақстандық Ислам Бадурговпен ерегесіп қалды, деп хабарлады ktk.kz.
Бруклинде өтетін UFC223 турнирінің қатысушылары орналасқан қонақ үйде Хабиб Нурмагомедов Артем Лобовпен және онымен бірге келе жатқан Ислам Бадурговпен ерегесіп, қол көтерген.
Дағыстандық екеуіне де шапалақпен тартып жіберген. Алайда ерегестің соңы төбелеске дейін жеткен жоқ.
Ислам Бадургов воркаутпен айналысады. Түр-келбетінің Конор Макгрегорға ұқсас болған себепті ирландиялық спортшыға бірнеше мәрте пародия жасаған.
Хабиб Нурмагомедовтың бұлқан-талқан болып бұрынғы отандасының жағасынан алуға Артем Лобовтың келемежі себеп болса керек.
Ресейлік спортшы Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жектен денсаулығына байланысты бас тартқан кезде Артем Лобов оны «қорқақ» деп атап, «қатынға» теңеген болатын.